ПОДЕЛИТЬСЯ
24 желтоқсан 2019 | 14:10
БЖЗҚ проблемалық эмитенттердің берешектерін қайтарып жатыр
2013 жылдың күзі мен 2014 жылдың көктемі аралығында жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - БЖЗҚ, Қор) шоғырландыру жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде 2014 жылдың сәуірінде Қорға облигацияларының атаулы құны 161 миллиардтан астам теңге болатын 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді. Айта кетелік, бұл эмитенттердің басым бөлігі 2006-2010 жылдары әлемдік қаржы дағдарысына байланысты дефолтқа жол берген. Сөйтіп өздеріне жүктелген міндеттемелерін орындай алмаған. Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығы хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2013 жылдың күзі мен 2014 жылдың көктемі аралығында жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - БЖЗҚ, Қор) шоғырландыру жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде 2014 жылдың сәуірінде Қорға облигацияларының атаулы құны 161 миллиардтан астам теңге болатын 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді. Айта кетелік, бұл эмитенттердің басым бөлігі 2006-2010 жылдары әлемдік қаржы дағдарысына байланысты дефолтқа жол берген. Сөйтіп өздеріне жүктелген міндеттемелерін орындай алмаған. Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығы хабарлады.
Күні бүгінге дейін Қор алдындағы өтелген берешектердің жалпы сомасы 21,9 миллиард теңгені құрады. Олардың ішінде:
2014-2016 жылдары - 1 миллиард 475 миллион теңге;
2017 жылы - 1 миллиард 249 миллион теңге;
2018 жылы - 14 миллиард 800 миллион теңге;
2019 жылдың 11 айы ішінде 4 миллиард 376 миллион теңге өтелген.
Екі компания бойынша атаулы құны 1,3 млрд теңге болатын берешек толығымен өтелді. Төрт проблемалық эмитент таратылды. Сондықтан олардың берешектері есептен шығарылды. Жеті эмитенттің берешектері қайта құрылымдалды.
Осылайша 2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ алдындағы жалпы берешек - атаулы құны бойынша 46,7 млрд теңгеге дейін қысқарды.Бұл барлық зейнетақы активтерінің 0,5 пайызын құрайды. Ал 32 проблемалық эмитенттен 21 эмитент қалды. Қалған эмитенттер шартты түрде үш топқа бөлінген. Олар:
1) оңалту рәсімі қолданылып келе жатқан эмитенттер (бұл топтағы барлығы үш эмитенттің атаулы құны бойынша берешектерінің жалпы сомасы - 16,2 млрд теңгені құрайды);
2) атқару өндірісі жұмыстары (сот тәртібі аясында өндіріп алу) жүргізіліп жатқан эмитенттер (бұл топтағы барлығы 14 эмитенттің атаулы құны бойынша берешектерінің жалпы сомасы - 12,9 млрд теңгені құрайды);
3) банкроттық рәсімі қолданылып жатқан және әрі қарай таратылатын эмитенттер (бұл топтағы барлығы төрт эмитенттің атаулы құны бойынша берешектерінің жалпы сомасы - 17,6 млрд теңгені құрайды).
Атап өту керек, БЖЗҚ-ның қызметі барысында Қор портфелінде екі жаңа проблемалық эмитент пайда болды. Олар: "Qazaq Banki" АҚ және "Эксимбанк Қазақстан" АҚ. Қазір бұл банктерге қатысты тарату рәсімі жүргізіліп жатыр.
"Qazaq Banki" АҚ-тың БЖЗҚ алдында депозиттер бойынша берешегі бар. Қазіргі уақытта бұл банктің берешегі мерзімінен бұрын жартылай өтелді. Қалған берешек - 1,06 миллиард теңге.
Ал "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-тың депозиттер және купондық облигациялар бойынша берешегі бар. Бұл банк 2019 жылы негізгі қарыз және депозиттерге қатысты сыйақы бойынша 1,12 миллиард теңге көлемінде берешегін өтеді. Енді купондық облигациялар бойынша атаулы құны 12,9 миллиард теңге болатын берешегі қалды. Дегенмен банктің тарату комиссиясы тез және үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Борышкерлерге қатысты жұмыстарды белсенді түрде жүргізуде. Бұл көңілге қуаныш ұялатады. Сондықтан қалған берешектің басым бөлігін қайтаруға мүмкіндік бар.
Бұдан басқа 11 эмитентке қатысты қылмыстық өндіріс жүргізілуде. Оларға бойынша шығарылған шешімдер туралы қосымша ақпарат таратылады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Показать комментарии
Читайте также