БҚО әкімі ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

БҚО әкімі ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Орал қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтілді. Өңір басшысы Ғали Есқалиев салтанатты жиында ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктерге жіті тоқталды.

Орал қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтілді. Өңір басшысы Ғали Есқалиев салтанатты жиында ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктерге жіті тоқталды.

Бүгін – ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төл мерекесі. Кәсіби мереке жылдағы дәстүр бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесінен басталды. Аймақ басшысы Ғали Есқалиев көрме жұмысымен танысты. Көрмеге ауыл шаруашылығы өнеркәсібімен айналысатын 18 кәсіпкер өз өнімдерін қойған.

- Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір саласына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында бүгінде аграрлық сектордың көрсеткіші жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешені саласында өңірімізде 50 мыңға жуық адам еңбек етуде. Сіздердің нәтижелі еңбектеріңіздің арқасында диқаншыларымыз рекордтық деңгейде өнім жинап, ел-жұртты қуантып отыр. Ауыл шаруашылығы саласындағы жоғарғы көрсеткіштерге жетуіміз – ауыл еңбеккерлерінің, Сіздердің еңбектеріңіз! Біздің берекелі аймақтың ырысын арттыру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын, - деді облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.

Реклама
Реклама

Мерекеге орай ауыл шаруашылығы саласында өнімді еңбек етіп жүрген бір топ азамат марапатталды.

Олардың қатарында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Еңбек ардагері" медалімен 2 адам, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісімен 7 адам марапатталса, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет громатасымен 11 адам, ал БҚО әкімінің алғысхатымен 12 адам марапатталды.

Соның ішінде "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісімен Ұзынкөл ауылдық округіндегі "Ғазез" шаруа қожалығының басшысы Серік Дәулетов марапатталса, Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл елді мекеніндегі "Закай" шаруа қожалығының жылқышысы Жасұлан Закаев "Үздік жылқышы" аталымына ие болып, оған облыс әкімінің дипломы табысталды.

БҚО ауыл шаруашылығының дамуы жағынан алда келе жатқан аймақ.

Ауыл шаруашылығы біздің облыс экономикасының жетекші күші. Бұл бағытта жасалған шаруа да, жеткен жетістікте баршылық.

Бұрынғы жылдармен салыстырғанда мал басынын артуы, көкөніс сақтайтын қоймалар санының көбеюі байқалады.

Салтанатты жиында сөз алған аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктерге жіті тоқталып өтті.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Tengrinews
Материал БҚО әкімдігімен ұсынылған
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама