06 қазан 2024 | 11:09

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев АЭС бойынша референдумда дауыс берді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы Ақпараттық технологиялар колледжіндегі учаскеде дауыс берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы Ақпараттық технологиялар колледжіндегі учаскеде дауыс берді.

Дауыс бергеннен соң, облыс әкімі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

«Бүгін мемлекетіміз үшін маңызды күн. Жалпыұлттық референдум өтуде. Мен де дауыс беру учаскесіне келіп, азаматтық борышымды өтедім. Еліміздің әр тұрғыны бүгін дауыс беру учаскелеріне келіп, еркін түрде өз таңдауын жасай алады. Батыс Қазақстан облысы тұрғындары бүгін өздерінің азаматтық белсенді позицияларын көрсетеді деген сенімдемін»- деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бүгінгі референдумда Батыс Қазақстан облысында 510 референдум комиссиясы, оның ішінде 14 аумақтық референдум комиссиясы 496 учаскелік комиссия жұмыс жасауда.

Қазіргі мәліметтерге сәйкес, облыс тұрғындары белсенділік танытуда. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ақсуат ауылының тұрғындары 1 сағат ішінде дауыс беруді аяқтаған. Аталған ауылдың 180 тұрғыны бар. Олардың 90-ы дауыс беру құқына ие. Жексенбі күні ауылдағы ағайынның бірі қалмай сайлау учаскесінен табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

БҚО әкімдігі ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная