БҚО-да 100-ден аса ауылды су басуы мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент

БҚО-да су басу қаупіне байланысты 109 елді мекен есепке алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

БҚО-да су басу қаупіне байланысты 109 елді мекен есепке алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Батыс Қазақстан облысының өзендерінде әлі де мұз бар. Алайда ери бастаған кезде өзен алқаптарында орналасқан 109 елді мекенге су басу қаупі төнеді. Сондай-ақ, гидротехника құрылыстарында апат болса, оларды су басуы мүмкін. Жергілікті құтқарушылар бұған жол бермеу үшін мұз кесу жұмыстарын бастап кеткен.

"Мұндай жұмыстар су тасқыны алдында жүргізіледі. Еріген кезде су тасқыны болмауы үшін мұндай жұмыстар жыл сайын жүргізіледі", - деді құтқару бөлімшесінің басшысы Нұрмұхан Жұмағалиев.

Реклама
Реклама

Маман облыстағы қар жамылғысы қалыпты, бірақ жауын-шашын деңгейі нормадан жоғары екенін айтты. Ауа температурасы күрт жылынып кетсе, қауіп төнуі мүмкін.

"Бүгінде ТЖ Департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көктемгі кезеңде ТЖ алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Барлық жерде қар шығарылады. Шығарылған қар көлемі - 980 мың текше метр. Су тасқыны әлі де қауіп төндіріп тұр, бірақ бүгінде жағдай тұрақты", - деп толықтырды БҚО ТЖД басқарма бастығы Нұралы Мусиев.

Наурыздың он күнінде БҚО-да 33 миллиметр жауын-шашын жауған. Наурыздың аяғында күн жылынып, сәуірдің ортасында өзендерде мұз еруі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная