ПОДЕЛИТЬСЯ
21 тамыз 2023 | 11:01
БҚО-да 1,6 миллион жалған темекі мен алкоголь өнімдері жойылады
БҚО-да төрт тұрғын заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін сатпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
БҚО-да төрт тұрғын заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін сатпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
Бұл деректі ҚМА облыстық департаменті тексеріп жатыр.
"Бір топ тұлғалардан жалпы сомасы 967,5 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қораптан астам темекі өнімдерінің ірі партиясы, сондай-ақ заңыз есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдері тәркіленді. Заңсыз темекі бұйымдарын тасымалдау Қырғыз Республикасынан жүзеге асырылып, Орал қаласында сақталып, сатылған", - делінген хабарламада.
Сот үш айыпталушыны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті, тағы бір айыпталушы 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Сот үкіміне сәйкес, тәркіленген барлық темекі мен алкоголь өнімдері жойылуға жатады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также