13 маусым 2019 | 11:19

БҚО-да 18 адамның ҚДТ ұйымына қатысы бар-жоғы тексерілді

Дина Муратова Редактор

Батыс Қазақстан облысында Мұхтар Әблязовтің ҚДТ ұйымының мүшелері болуы мүмкін деген 18 адам тексерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында Мұхтар Әблязовтің ҚДТ ұйымының мүшелері болуы мүмкін деген 18 адам тексерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің тергеу басқармасы өкілдері сот алды тергеу ісін жүргізіп жатыр. Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігі бойынша тыйым салынған ұйымға қатысу дерегімен қозғалып жатыр.

Реклама
Реклама

"Биыл 12 маусымда тергеушілердің тапсырмасымен куәгер ретінде қылмыстық іс бойынша ішкі істер бөліміне 18 адам жеткізіліп, кейін олардан жауап алынды. Сондай-ақ олардың тыйым салынған ұйымға қатысы бар-жоғы тексерілді", - деді полиция өкілдері. Тергеу ісі аяқталғаннан кейін әлгі адамдар босатылған. 

Таяуда қашқын олигарх Мұхтар Әблязов және экстремистік ұйымның қазақстандық сот тыйым салған ҚДТ (ДВК) жақтастары алматылықтарды 12 маусымда кешкі уақытта жаппай митингіге шығуға шақырды. Қалада қозғалысты бұғаттауға шақыру таралды. Алайда, 19.15-де қаладағы жағдай тыныш екенін байқауға болады.

Айта кетейік, Мұхтар Әблязов Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Қазақстанда өмір бойына сотталды. Ал 2017 жылы қашқын банкирді миллиардтаған қаржыны жымқырғаны үшін 20 жылға соттаған еді. Қазір ол шетелде сот төрелігінен жасырынып, Қазақстанда тыйым салынған ДВК ұйымының идеяларын насихаттайды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная