13 қараша 2020 17:30

БҚО-да 20 мұғалім COVID-19 жұқтырған

Фото: elements.envato.com

Батыс Қазақстан облысында 20 мұғалім коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында 20 мұғалім коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, 1 қарашадан бері өңірде 45 бала COVID-19 жұқтырған. Оның 19-ы 5-10 жастағылар.

Реклама
Реклама

"Балалардың 80 пайызында симптом белгілері байқалмаған. Олар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. 1 қыркүйектен бері облыста 6 мектеп карантинге жабылды, олардың үшеуі аудандарда орналасқан. 7 тәрбиеші мен олардың көмекшілері, әрі мектепке дейінгі мекемелердің 7 тәрбиеленушісі вирус жұқтырған", - дейді Нұрлыбек Мұстаев.

Сонымен қатар, ол 20 мұғалімнен COVID-19 анықталғанын атап өтті. Оның үшеуі бастауыш сыныпта жұмыс істейді. Мектептердегі 18 кезекші сынып карантинге жабылған.

"Ауру анықталған мектептер мен балабақшаларда дезинфекция жүргізілді, - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram