19 тамыз 2023 | 13:13

БҚО-да 23 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

Биыл Батыс Қазақстан облысындағы білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 511 миллион 980 мың теңге қаражат (бейнебақылау жүйесі, бейнебақылау жүйесінің ЖБО-на қосылуы, турникеттер орнату) бөлінді. Білім мекемелері бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілді, бейнебақылау жүйесін жедел басқару орталығына қосу, дабыл түймесін, турникеттер орнату, лицензияланған күзет енгізу бойынша тиісті шаралар алынып жатыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінгі таңда облыс бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 23 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 8 мектептің құрылысы жүргізіліп жатса, 15 мектеп облыстың 7 ауданында КПО б.в. компаниясының әлеуметтік міндеттемелері шеңберінде салынып жатыр. Бұл мектептердің 18-і биылдың аяғына дейін пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде облыс бойынша 16 200 орындық 18 мектептің құрылысы 2023-2025 жылдарға жоспарланған. Соның ішінде 9 мектептің құрылысын осы жылы бастап 2024 жылы аяқтау, қалған 9 мектептің құрылысын 2024 жылы бастап 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

Бүгінгі таңда 9 мектептің 5-еуі бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Қалған 4 мектептің құрылысын жүргізуге мердігерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Биыл 6 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстарына 678,7 миллион теңге қаржы бөлінген. Тамызда 6 мектептің 3-еуі бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмақ.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная