ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қараша 2020 | 14:36
БҚО-да 3 жасар баладан COVID-19 анықталды
Батыс Қазақстан облысында 3 жасар бала коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды "Мой город".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Батыс Қазақстан облысында 3 жасар бала коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды "Мой город".
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратөбе ауданында 3 жасар баладан коронавирус анықталған. Қазіргі таңда ол барған балабақша карантинге жабылыпты.
"Балаға операция жасалман бұрын одан COVID-19 вирусының бар-жоғын білу үшін ПТР-тест алынған. Тест оң нәтиже көрсеткен. Ол балабақшадағы кезекші топқа барған. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемесі карантинге жабылды. Балабақшадағы барлық тәрбиеші мен балалар COVID-19 вирусының бар-жоғына тест тапсырды. Оның нәтижесі әлі шыққан жоқ", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, балабақша ғимаратында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, БҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны 7050-ге жетті. 6 846 науқас аурудан айықса, 121 адам қайтыс болған.
Қазақстанда пандемия басталғалы 113 309 адам COVID-19 жұқтырған. 106 716 науқас аурудан жазылды, ал 1 857 адам көз жұмған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также