04 мамыр 2020 | 17:07

БҚО-да 7 медицина қызметкері COVID-19 жұқтырды

Фото: gazeta.ru

Батыс Қазақстан облысында 7 медицина қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында 7 медицина қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"7 медицина қызметкері карантин стационарына жатқызылды. Олар вирус жұқтырған науқастармен байланыста болған. Тексеріс барысында медицина қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Бүгінде олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды", - дейді БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев 

Реклама
Реклама

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірде 36 медицина қызметкері COVID-19 вирусын жұқтырғанын атап өтті. Оның екеуі вирустан айығып, стационардан шығарылыпты.

"БҚО-да 7 дәрігер, 12 медбике, 12 санитар, 4 сатушы, 1 дезинфектор коронавирус жұқтырған. 20 науқаста аурудың симптомы жеңіл өтіп жатыр, ал 14 науқастың жағдайы орташа ауыр", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 186 адам індет жұқтырған, 31 науқас ауруханадан шығарылған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная