30 шілде 2021 | 13:04

БҚО-да әкім ауыл тұрғынын қорлағаны үшін жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі тұрғынды қорлағаны үшін жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі тұрғынды қорлағаны үшін жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

29 шілдеде БҚО Мемлекеттік қызмет агенттігі департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңес Бәйтерек ауданы Махамбет ауылының әкімі Бейбіт Аманғалиевке қатысты тәртіптік істі қарады. Бөлімнің бас маманы Дәурен Хайыровтың айтуынша, ауыл тұрғыны Таңжарықова ауыл әкімі ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, балағаттағанын айтып шағым түсірген.

"Тұрғындар жиыны кезінде ауыл әкімі мен Таңжарықованың арасында жанжал туған. Кейін Бейбіт Аманғалиев басқа адамға WhatsApp мессенджері арқылы жерлесін қорлап, дыбыстық хабарлама жіберген. Жазба Таңжарықованың да қолына түскен. Онда былапыт сөздер айтылмаған, бірақ тұрғынның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін сөздер болды", - деді Дәурен Хаиров.

Реклама
Реклама

Бейбіт Аманғалиев мемлекеттік қызметте 11 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Шенеунік қателігін мойындап, тұрғынды ренжіткісі келмегенін айтты.

Талқылау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес Бейбіт Аманғалиевті жазалап, оған қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза жариялау туралы шешім қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная