31 шілде 2019 11:34

БҚО-да әкім қызметтік көлікті мас күйде жүргізген

БҚО-да ауыл әкімі қызметтік көлікті мас күйде жүргізген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да ауыл әкімі қызметтік көлікті мас күйде жүргізген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

30 шілдеде облыстық мәслихат ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің БҚО бойынша тәртіптік кеңесінің отырысы өтті. Онда Бөрілі ауданының Александров ауылдық округының әкімі Ганжи Тұрғаналиевке қатысты тәртіптік іс қаралды. 

Реклама
Реклама

4 мамырда түнгі 00:20-да полиция Тұрғаналиевті ұстап, қызметтік көлікті жеңіл түрдегі мас күйде жүргізгенін анықтаған. Әкім кінәсін млйындап, кешірім сұраған. 

"Құрметті комиссия төрағалары мен мүшелері, мен өз кінәмді мойындаймын, расымен осындай жағдай болды. 2 мамырда жұмыстан кейін үйде жұмыстан тыс уақытта ішімдік ішкенімді айтқым келеді. 3 мамырда күні бойы жұмыста болдым және жүргізушімен Ақсай қаласына шықтым, көлік бұзылып, кешкі 6-да жүргізушісі сұранып кетті. Қолда бар құралдармен көлікті жөндеуіме тура келді. Көлік жөнделіп, сағат 11-де жүре бастағанымда,  полицейлер ұстады. Куәландыруды жүргізген кезде 0,87 промилле көрсетті. Сотта мас болу жағдайын тексерген маман 0,5 промилле - бұл рұқсат етілген норма екенін түсіндірді. Менде көп болды. Өз кінәмді мойындаймын", - деп түсіндірді Тұрғаналиев.

Портал мәліметінше, мемлекеттік қызметте ол 21 жыл еңбектеніп келеді екен. Александров ауылдық округінің әкімі ретінде өткен жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Аталған теріс қылық үшін Ганжа Тұрғаналиев қатаң сөгіс алып, үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram