31 тамыз 2023 22:13

БҚО-да әлем чемпионына пәтер кілті табысталды

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев дзюдодан әлем чемпионы Нұрлан Исатаевты қабылдады. Ол күні кеше Хорватияның Загреб қаласында өткен кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Облыс әкімі жас спортшының бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев дзюдодан әлем чемпионы Нұрлан Исатаевты қабылдады. Ол күні кеше Хорватияның Загреб қаласында өткен кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Облыс әкімі жас спортшының бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

"Өзіңдей жастар - ел мақтанышы. Сен тек облыс атын ғана ұлықтамай, Қазақ елін әлемге танытасың. Біз сені мақтан етеміз деп", – сөзін сабақтаған облыс әкімі жас чемпионға бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Әлем чемпионы атанған Нұрлан Исатаев Қазақстан құрамасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 23-27 тамыз аралығында өткен бұл біріншілікке әлемнің 64 елінен 570-тен астам спортшы қатысты. Іріктеу кезеңінде ол Түрікменстан, Армения және АҚШ-тың қарсыластарын жеңді. Өз тобында бірінші орын алған Нұрлан жартылай финалда отандасы Оралбек Байзақпен кездессе, финалда грузиялық Мераби Самадашвилимен кездесіп, белдесу қосымша уақытқа өтіп, жерлесіміз мықтырақ болып шықты.

Реклама
Реклама

Жас чемпионның отбасы Ресейден көшіп келген. Қазақстанның азаматтығын енді ғана алған чемпион биылдан бастап олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің 10 сыныбына қабылданған.

Нұрлан Исатаев - Батыс Қазақстан облысынан шыққан дзюдодан тұңғыш әлем чемпионы.

"Өте қуаныштымын. Облыс әкімдігі тарапынан ерекше қолдау көрсетілуде. Мен ел үмітін ақтап, әлемге танымал болғым келеді", - дейді жас чемпион.

Салтанатты кездесуде Нұрлан Исатаевтың жаттықтырушысы Алтынбек Сұпығалиевке бір миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ұсынған материал
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram