ПОДЕЛИТЬСЯ
15 маусым 2024 | 13:18
БҚО-да алимент бойынша борышкерлер 30 миллион теңгені бәске тіккен
Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері 14 алимент бойынша борышкерді анықтады. Олар ақшасын букмекерлік кеңселерге жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, борышкерлер букмекерлік кеңселерден 30 миллион теңгеден астам ақша жұмсаған. Оларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына ұйғарым жіберілген.
"Алимент бойынша борышкерлер букмекерлік кеңселердегі ставкаларға қомақты сома жұмсаған жағдайда, балалардың мүддесін қорғау үшін ең қатаң шаралар қолданылады. Сот орындаушылары осындай заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр", - деп хабарлады Әділет департаменті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также