ПОДЕЛИТЬСЯ
31 тамыз 2023 | 21:49
БҚО-да ауыл тұрғындары "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспаналы болды
Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылының тұрғындары "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа пәтерге ие болды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қоныстойын тойлап жатқан жаңаөмірліктерді қуаныштарымен құттықтады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылының тұрғындары "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа пәтерге ие болды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қоныстойын тойлап жатқан жаңаөмірліктерді қуаныштарымен құттықтады.
"Мемлекет басшысы атап өткендей, қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жасалуда. Өңірімізде тұрғындарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ету үшін жаңа үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Халықпен әр кездесуде жиі көтерілетін баспана мәселесі облыста да бірте-бірте оң шешімін табуда. Мәселен, кейінгі үш жылда облыста 201 тұрғын үй берілсе, оның 44-і Теректі ауданында екен. Жаңа үй сіздерге бақ-береке, ырыс-табыс сыйласын", - деді облыс әкімі өз құттықтауында.
"Эврика" ЖШС мердігерлік жасаған үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылғы мамырда басталған. Үйде 12 бір бөлмелі және 12 екі бөлмелі пәтер бар. Қоныс тойын тойлағандардың көбі 10 жылдан астам баспана күткен. Кеше жаңаөмірлік 24 отбасы көптен күткен баспананың иесі атанды. Олардың арасында жетім қалған екі немересін бағып отырған Татьяна Никитина да бар.
"Бүгін біз үшін ұмытылмайтын, қуанышты күн. Заманауи, жаңа ғимараттан пәтер алғанымызға қуаныштымыз. Біз 10 жылдан астам баспана кезегінде тұрдық. Жайлы, жарық пәтер немерелеріме де ұнады. Осындай мемлекеттік бағдарламалардың бар екені қатты қуантады. Біз "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы, баспаналы болдық", – дейді Татьяна Никитина.
"Нұрлы жер" бағдарламасының аясында салынған жаңа пәтерлер негізінен аз қамтылған, әлеуметтік осал санаттағы азаматтар, жетім балалар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған және толық емес отбасыларға берілді.
Айта кетейік, облыста ел азаматтарының әл-ауқатын арттырып, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ұлттық жобаларды жүзеге асыруға үлкен мән берілуде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ұсынған материал
Показать комментарии
Читайте также