БҚО-да балабақша карантинге жабылды

БҚО-да балабақша карантинге жабылды

Батыс Қазақстан облысында балабақша карантинге жабылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Батыс Қазақстан облысында балабақша карантинге жабылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, жоспарлы операция алдындағы тексеріс барысында 3 жасар баладан коронавирус белгілері анықталған. Осыған байланысты баламен үйде және балабақшада қарым-қатынаста болғандар да коронавирусты анықтауға тест тапсырған.

"Аудандық бас мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына сай балабақша карантинге жабылып, қорытынды дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық жағдай БҚО-да біртіндеп күрделеніп жатыр", - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Салтанат Ералина.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама