ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2023 | 09:12
БҚО-да балалардың көзінше шалбарын шешкен бейтаныс ер адам жұртты шошытты
Ақсай тұрғындары полицияға күдікті ер адам туралы хабарлаған. 24 мамырда оны №4 мектептің жанынан көрген. Келесі күні ол тағы да оқу орнының маңында жүрген. Куәгерлердің айтуынша, ер адам балалардың көзінше шалбарын шешкен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі 24 мамырда ер адамды учаскелік полиция қызметкері ұстағанын хабарлады. Тінту кезінде одан пышақ табылған.
"Медициналық сараптама оның есірткі тұтынғанын көрсетті. Тұрғын уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды, ол жерден бір күннен кейін шығарылды", - деп хабарлады ведомство.
25 мамырда тұрғындар күдікті ер адам туралы тағы хабарлаған. Ол медициналық тексеруден өту үшін Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілді. Әрі қарайғы шешім оның нәтижелеріне байланысты болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также