БҚО-да “Бөкейорда“ резерватының бас директоры ұсталды

видео кадры

Батыс Қазақстан облысында "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлық бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлық бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Ол резерватта шын мәнінде еңбек етпеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір оның басқа қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама