БҚО-да Ақсай қаласында жер үй өртеніп, салдарынан 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сюжетіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментіне хабар жеткен бойда, сала қызметкерлері дереу қызыл жалын шыққан аумаққа барған. Олар сол маңға барғанда үйді түгелдей жалын шарпығаны белгілі болыпты. Ресми дерекке сәйкес, баспанада қазірге дейін тек бір адамның тұрып жатқаны анықталған. Көз жұмғандардың кім екені және өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Департаменттің жеке құрамынан 14 адам және 3 техника жұмылдырылды", – деді ТЖД басқарма бастығы Дамир Салихов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!