БҚО-да жергілікті тұрғындарды бопсалаған ер адам ұсталды

Фото: polisia.kz

БҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері жергілікті тұрғындарды бопсалау арқылы ақша алған Орал қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті әлеуметтік желіде әйелдің атын жамылып тіркеліп, жәбірленушілермен танысқаны анықталды. Кездесуге келгенде күдікті өзін құқық қорғау және арнайы органдар қызметкері ретінде таныстырып, олардың әрекеттері заңсыз екенін айтып, олардан ақша бопсалаған.

"Осылайша жәбірленушілер бопсалаушыға жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам қаражат берген. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бопсалау дерегі бойынша 3 эпизодты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама