13 маусым 2024 | 15:32

БҚО-да жоғалып кеткен аутизммен ауыратын жігіт табылды

Фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысында аутизмге шалдыққан жоғалған жігіт табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында аутизмге шалдыққан жоғалған жігіт табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

19 жастағы Игорь Исраилов 6 маусымда Бәйтерек ауданы Рубежинское ауылындағы үйінен шығып, оралмаған. Жігіт аутизммен ауырады. Игорьдің анасы 10 маусымда полицияға жүгінген.

Бір аптадан кейін жігітті Теректі ауданының полицейлері тапты. Ол сол аудандағы шаруа қожалықтарының бірінде болған. Шаруашылық басшысы Игорьдің өзі келіп, жұмысқа қабылдауды сұрағанын айтты.

Реклама
Реклама

Қазір жігіттің жағдайы жақсы, ол ата-анасының жанында.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде аутизммен ауыратын жасөспірім жоғалған еді. Өкінішке қарай, бала өзеннен өлі табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная