15 наурыз 2023 | 15:24

БҚО-да жолдарды су басып, ауылдарға көмек көрсету қиындады

Дина Шарипханова Корреспондент

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны болып жатыр. 12 ауыл өркениеттен ажырап, бір елді мекенде электр қуаты үзілді, бірақ судың көптігінен оны қалпына келтіру қиындап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны болып жатыр. 12 ауыл өркениеттен ажырап, бір елді мекенде электр қуаты үзілді, бірақ судың көптігінен оны қалпына келтіру қиындап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мой город" меліметінше, облыстық Жымпиты – Қаратөбе жолының 102-шақырымында ені сегіз метр, ұзындығы 500 метр болатын жерді су басқан. Алкөл, Ақтай, Қоскөл, Аққозы, Қоржын, Қосбаз, Сәуле және Қарақамыс сияқты тоғыз елді мекен жол қатынасынсыз қалды.

Шыңғырлау ауданының тағы 3 ауылы: Алмаз, Ақтау және Сегізсай ауылдары өркениеттен ажырап қалған.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, электр желісіндегі ақауға байланысты Сырым ауданы, Жамбыл ауылы – барлығы 48 абонент жарықсыз қалды. Ауылға кіру мүмкін болмағандықтан, электр жарығын су азайғаннан кейін қосу жоспарланған.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі су тасқынына қарсы жұмыстардың түнгі уақытта да жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Соңғы тәулікте 4000-ға жуық инертті материалдар салынған қап жиналып, қауіпті аймақтарға төселді, 30 мың текше метрден аса су сорылды, 12 учаскеде суды ағызу үшін арналар қазылғаны айтылды.

Жалпы, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны басталғалы тәулік бойы жүргізілетін жұмыстармен 340 мың текше метр су сорылып, 25 мың қап инертті материалдар төселген.

Құтқару жұмыстарына мыңға жуық адам мен 400-ден аса техника жұмылдырылған, құтқарушылар суға шомылу құралдары мен тікұшақ тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная