27 желтоқсан 2021 | 16:15

БҚО-да қалың қар жауды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Батыс Қазақстан облысында бір тәулік ішінде айлық мөлшердегі жауын-шашын жауды. Боран мен қатты жел салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Ондаған елді мекенде жарық өшті. Облыс орталығы мен Бөрлі ауданы Ақсай қаласын сумен қамтамасыз етуде ақау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында бір тәулік ішінде айлық мөлшердегі жауын-шашын жауды. Боран мен қатты жел салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Ондаған елді мекенде жарық өшті. Облыс орталығы мен Бөрлі ауданы Ақсай қаласын сумен қамтамасыз етуде ақау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД өңір тұрғындарына ауа райы туралы ескерту жасаған. Синоптиктердің мәліметінше, жел екпіні секундына 23 метрге жеткен.

Реклама
Реклама

"Ауа райына байланысты 48 елді мекенді электрмен қамтамасыз етуде ақау шығып, сөндірілді. БҚО-ның 8 ауданында 7 мыңнан аса тұтынушы жарықсыз қалды. Қазір 31 елді мекенде электр беру қалпына келтірілді, 17 елді мекенде 2 мыңға жуық тұтынушы электрмен қамтамасыз етілмеген", - деп мәлімдеді БҚО ТЖД өкілі.

Орал әкімдігі қызметкерлері апаттың көпшілігі әуе арқылы электр беру желілерінде болғанын хабарлады.

"Сымдар қатты жел мен қарға төтеп бере алмады. Қазір 8 төтенше бригада ауа райы салдарын жою бойынша жұмыс істеп жатыр. Жеке сектордан 50-ден аса өтінім өңделмеген күйінде қалып отыр", - деді қалалық электр желісімен қамтамасыз ететін қызметкерлер.

Орал көшелерін қар мен мұздан тазарту жұмыстарына 150-ге жуық техника мен 200 жұмысшы жұмылдырылған.

"Қалың қар жауды. Оның биіктігі 15 сантиметрге жетті. Коммуналды қызметтер тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Жүргізушілер жетіспейді. Көп мөлшерде жаңа техника сатып алдық, бірақ жұмыс істейтін ешкім жоқ", - деді Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram