ПОДЕЛИТЬСЯ
08 ақпан 2021 | 17:01
БҚО-да карантин жеңілдеді
Батыс Қазақстан облысында 8 ақпаннан бастап бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енді. Өңірде кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілді. Қоғамдық тамақтандыру нысандарының қызметі 00.00-ге дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Батыс Қазақстан облысында 8 ақпаннан бастап бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енді. Өңірде кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілді. Қоғамдық тамақтандыру нысандарының қызметі 00.00-ге дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БҚО-да әлі де бұқаралық шаралар өткізуге және ойын-сауық нысандарының қызметіне тыйым салынған.
"Театр, мәдени нысандардың жұмысына (жеке, топтық дайындықтарда бір мезгілде 30 адамнан аспайтындай етіп, келушілермен отыратын орындар санының 20 пайыздан аспайтын толтырумен) рұқсат етіледі;
InfoKazakhstan.kz сайтында міндетті тіркелумен, бетперде режимін, шахмат тәртібі бойынша отырғызуды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып 20 пайыздан аспайтын толтырумен кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етіледі", - делінген құжатта.
Қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс кестесі сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін болады (толымдығын 50 пайыздан асырмай, 50 орыннан артық емес, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізбей). Мекемелер карантин және шектеу шараларын бұзған жағдайда жұмысы тоқтатылатыны атап өтілді.
Айта кетейік, БҚО қазір коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "сары" аймақта.
Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также