26 желтоқсан 2021 | 18:00

БҚО-да қатты бораннан колледж ғимаратының шатыры ұшып кетті

© Хабар 24

БҚО-да Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында қатты бораннан колледж ғимаратының шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында қатты бораннан колледж ғимаратының шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Бүгін таңертең ауданда желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жеткен. Ақтүтек боран салдарынан Ақжайық аграрлық-техникалық колледжіндегі бір қабатты ғимараттың 150 шаршы метр шатыры қирап қалды. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

Реклама
Реклама

"Жергілікті атқарушы органнан құрылған арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Келтірілген шығын көлемі анықталады. Ғимарат 1977 жылы салынған. 2007 жылы күрделі жөндеуден өткен", - деді БҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram