БҚО-да қауіпті әтірге қатысты ақпарат тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

БҚО полицейлері "адам иіскесе өліп кетуі мүмкін" әтірлер туралы тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "МОЙ Город" сайтына сілтеме жасап.

БҚО полицейлері "адам иіскесе өліп кетуі мүмкін" әтірлер туралы тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "МОЙ Город" сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы тұрғындары аудиохабарлама тарата бастаған. Аудиода әйел адам екі Украина азаматы компанияларды аралап, әтірдің кішірек нұсқасын ұсынып жүргенін айтады. Әйел адамның сөзінше, әтірді иіскеген адам бірнеше күннің ішінде өліп кетуі мүмкін.

Аудио авторының өзі сондай әтір ұсынған адамдарды дүкеннен қуып жібергенін айтады.

Реклама
Реклама

БҚО полиция департаменті өкілдері аудиохабарламаға қатысты түсінік берді. Ведомство мәліметінше, бұл дерек бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түспеген. Аудиохабарламаға қатысты аудандарға учаскелік инспекторлар жіберілген, алайда ештеңе табылмаған. Ақпарат расталмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама