ПОДЕЛИТЬСЯ
25 тамыз 2022 | 16:40
БҚО-да "Қазпоштаның" екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған
Батыс Қазақстан облысында "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Батыс Қазақстан облысында "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚМА БҚО бойынша департаменті "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау дерегін анықтады. Барлығы 37 миллион теңгеден аса ақша ұрланған. Сонымен қатар, олар 2013-2020 жылдары ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 миллион теңгедан аса қаражатын иемденіп алған", - делінген хабарламада.
ҚМА мәліметінше, операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также