03 қаңтар 2022 10:15

БҚО-да қолайсыз ауа райы салдарынан бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысында онға жуық елді мекен тұрғындары жарықсыз қалды. Оқиғаны облыстың Төтенше жағдайлар департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында онға жуық елді мекен тұрғындары жарықсыз қалды. Оқиғаны облыстың Төтенше жағдайлар департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО синоптиктері дауылды ескерту жасады. Аймақта қалың қар жауып, қатты жел жағдайды қиындата түсті.

2 қаңтар күні сағат 11:00 шамасында Төтенше жағдайлар департаментіне электр қуатының апатты өшуі туралы хабарлама түсе бастады. Жаңғала ауданы Пятимар (508 абонент), Сырым ауданы (120 абонент), Өнеге ауылы Жәнібек ауданы (37 абонент) және Орал қаласы маңындағы Дерқұл ауылының (345 абонент) тұрғындары электр қуатынсыз қалды.

Реклама
Реклама

Сағат 15:30-да Пятимар, Бұлан және Өнеге ауылдарында электр қуаты қалпына келтірілді.

Кейіннен қолайсыз ауа райы Бестерек (50 абонент), Никанур (30 абонент), Қараөзен (100 абонент), Жалпақтал Қазталов ауданы (60 абонент), Алмазный Шыңғырлау ауданы (254 абонент), Қоскөл Қаратөбе ауданы (50 абонент), Егіндікөл Жанғала ауданы (267 абонент) және Орал қаласындағы Зачаганск шағын ауданы (460 абонент) тұрғындарын да жарықсыз қалдырды.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын "ЗапҚазРЭК" АҚ-ның 76 қызметкері жүргізеді. 18 техника жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram