ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қаңтар 2023 | 08:54
БҚО-да көлік су арнасына түсіп кетіп, екі адам қаза болды
Батыс Қазақстан облысында автокөлік су арнасына түсіп кетіп, екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Батыс Қазақстан облысында автокөлік су арнасына түсіп кетіп, екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, оқиға 2 қаңтарда Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі аумағында болған.
"Сағат шамамен 15.30-да Тоған ауылынан 3 шақырым жерде 1962 жылғы жүргізуші көктайғаққа байланысты Lada Vesta көлігінің тізгініне ие бола алмай, Бударин арнасына түсіп кетті. Жол апаты салдарынан автокөлікте отырған 1961 жылғы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты. Түрлі жарақаттармен тағы екі әйел Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, біреуі сонда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы үшінші әйел қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также