05 ақпан 2021 | 17:25

БҚО-да көлікті мас күйде жүргізген екі мемқызметкер ұсталды

Көрнекі сурет: elements.envato.com

Батыс Қазақстан облысында екі мемқызметкер көлікті мас күйде жүргізген. Әдеп жөніндегі кеңес барысында екі тәртіптік іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында екі мемқызметкер көлікті мас күйде жүргізген. Әдеп жөніндегі кеңес барысында екі тәртіптік іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев карантин шектеулеріне байланысты отырыстар бейнеконференциялық байланыс режимінде өткенін айтты.

Реклама
Реклама

"БҚО Шыңғырлау ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы көлікті мас күйінде жүргізген. Оның ісін қарау кезінде ол мемлекеттік қызметтен кетіп үлгерген. Шенеунік кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне бекітілген қызметтік көлікті алғаны белгілі болды. Оның басшысы Рүстем Еслямов мемлекеттік лауазымын төмендету түрінде жауапқа тартылды. Мұндай жаза Шыңғырлау ауданының ТКШ бөлімінің басшысына да тағайындалды. Сол кезде екі шенеунік те көлікте болған. Бұл түнгі уақытта болған жағдай", - деді Ғалым Тұрсынбаев.

Екінші оқиға БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласында болды. Онда ҚР ТЖМ БҚО бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары Азамат Есенов орта дәрежелі мас күйінде көлік айдаған.

"Есенов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Әдеп жөніндегі кеңес ҚР ТЖ министрлігіне оны қызметінен босатуды ұсынды", - деді Ғалым Тұрсынбаев.

Айта кетейік, 2020 жылы БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша екі мемқызметкер жұмыстан босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная