26 сәуір 2020 | 12:03

БҚО-да коронавирус жұқтырған 13 адамға қатысты дерек шықты

Фото Тұрар Қазанғапов©

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Telegram-каналында Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған жаңа 13 адам туралы дерек жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Telegram-каналында Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған жаңа 13 адам туралы дерек жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Коронавирус инфекциясы табылғандардың барлығы да - Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары. Олардың алтауы Батыс Қазақстан облысының, бесеуі Алматы облысының, екеуі Түркістан және Қарағанды облыстарының тұрғындары.

Реклама
Реклама

Ресей Федерациясымен шекарадағы Тасқала автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарларға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 13 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 51 адам анықталды

26 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 вирусын жұқтырған 116 адам анықталған, оның 6 індеттен жазылып шықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная