02 сәуір 2024 | 14:55

БҚО-да құтқарушы пышақ жарақатын алды: вице-министр мән-жайды айтып берді

Фото: polisia.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде пышақ жарақатын алған 26 жастағы құтқарушының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде пышақ жарақатын алған 26 жастағы құтқарушының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құдайға шүкір, қызметкер қазір ауруханада, жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер жақсы нәтиже күтеді. Заңбұзушылар ұсталды, олар өз кінәсін мойындап, полиция қамауында отыр", - деді Сыздықов үкімет кулуарында сұрақтарға жауап бере отырып.

Үкіметте өткен брифингте министрдің орынбасары төбелесті құтқарушыға шабуыл жасаған жергілікті тұрғындардың өздері бастағанын түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Өкінішке қарай, құтқарушыларымыз келіп құтқарып жатқанда, халық арасында арқадан пышақ сұғатындар да бар. Батыс Қазақстан облысында осылай болды. Біздің құтқарушылар өзен жағасында тұрып, адамдарды бір жағадан екінші жағаға қайықпен жіберіп тұрған. Олардың жанына екі жергілікті тұрғын келіп, тиісе бастаған. Әрең дегенде олармен ортақ пікірге келіп, олар кетіп бара жатып: "Бұл жерде қанша боласыңдар?" деп сұраған. Құтқарушылар: "24/7 осында боламыз", деген. Кешке екеуі мас күде қайта оралып, төбелес іздеген. Сол кезде олардың бірі пышақ сұғып алған", - деді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная