БҚО-да құтқарушы пышақ жарақатын алған: күдікті қамауға алынды

Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында құтқарушыға шабуыл жасады деген күдіктіге қатысты іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан сотының хабарламасына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында құтқарушыға шабуыл жасады деген күдіктіге қатысты іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан сотының хабарламасына сілтеме жасап.

Еске салайық, 1 сәуірде Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауылы маңында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде 26 жастағы құтқарушының пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.

"Аудандық сот Казталов ауданы прокуратурасының күдікті 1993 жылы туған А.-ға қатысты 380-баптың 5-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарады. Іс материалдары бойынша, күдікті А. су тасқыны кезінде жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге келген кезекші құтқарушыға өміріне және денсаулығына қауіпті күш көрсеткен", - деп хабарлады БҚО сотының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама