11 қыркүйек 2023 | 16:54

БҚО-да мерейлі отбасын күтіп алды

Бүгін Орал қаласында «Мерейлі отбасы-2023» Ұлттық конкурсының республикалық кезеңіне Астана қаласына барып, облыстың намысын қорғап қайтқан казталовтық Ниетқабыловтар отбасын теміржол вокзалынан өңір басшылығы салтанатты түрде қарсылап алды. Отбасы құндылығын нығайту, үлгілі, өнегелі отбасыларды дәріптеу - идеологияның негізгі бағыты екендігін атап өткен БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева Ниетқабыловтар отбасын құшақ жая қарсы алып, әулеттің отанасына гүлшоғын сыйлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Орал қаласында «Мерейлі отбасы-2023» Ұлттық конкурсының республикалық кезеңіне Астана қаласына барып, облыстың намысын қорғап қайтқан казталовтық Ниетқабыловтар отбасын теміржол вокзалынан өңір басшылығы салтанатты түрде қарсылап алды. Отбасы құндылығын нығайту, үлгілі, өнегелі отбасыларды дәріптеу - идеологияның негізгі бағыты екендігін атап өткен БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева Ниетқабыловтар отбасын құшақ жая қарсы алып, әулеттің отанасына гүлшоғын сыйлады.

8 қыркүйек күні Астана қаласында Отбасы күні қарсаңында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы лауреаттарын Х мерейтойлық салтанатты марапаттау рәсімі өткен болатын. Аталмыш байқауға 10 жыл ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысқан. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева барша финалистерге арнайы алғыс хат пен статуэтка және 1 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Реклама
Реклама

Аталмыш байқауға Батыс Қазақстан облысының атынан қатысқан Казталов ауданы Сарықұдық ауылының тұрғындары Ниетқабыловтар отбасы – қарапайым еңбек адамдары. Отбасы мал шаруашылығымен айналысады, негізгі кәсібі - сүт өнімдері, оның ішінде құрт дайындау технологиясын жетік меңгерген. Әулет мүшесі Дулат Ниетқабыловтың айтуынша, олар күніне тапсырыс арқылы 300-400 құрт дайындайды, облыс орталығына, көршілес РФ ауылдарына да тапсырыспен құрт жібереді. Болашақта шаруашылықты кеңейтуді жоспарлап отырған отбасының барлық балалары еңбекке шыңдалған. Оқушы балалары трактор тізгіндеп, сиыр сауу, шөп шабу, мал бағу, жылқы үйрету сияқты барлық іске ата-анасымен бірге араласуда. Ынтымақ-бірлігі жарасқан қарапайым отбасы бала тәрбиесіне үлкен мән береді. Отанасы Нұржамал Ниетқабылова кішкентай ауылдан үлкен қала Астанаға барып, көңілі өсіп, қуанып қайтқанын жасырмады.

– Бала-келін, немерелерімізбен Астана қаласына бірінші рет бардық. Астана – әдемі, керемет қала екен. Бәрімізге де ерекше ұнады. Осы күнге жеткеніміз адал еңбектің арқасы. Немерелерімізге де арман қала –Астана әдемі әсер сыйлады. Отбасымызбен Астананың көрнекті жерлерін аралап, үлкен байқауға қатысып, жақсы көңіл-күймен оралдық. Бізге қолдау көрсеткен Президент, облыс және аудан басшылығына ризашылығымды білдіремін, – дейді отанасы Нұржамал апай.

«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы – Отбасы институтын, отбасылық құндылықтарды нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, үлгілі қазақстандық отбасын насихаттау бағытында жыл сайын өткізіліп келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материал БҚО әкімдігімен ұсынған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная