12 қаңтар 2021 | 16:45

БҚО-да наразылық шарасына шыққан 47 жұмысшыдан коронавирус анықталды

Батыс Қазақстан облысында Bonatti компаниясы басшылығының бастамасымен барлық қызметкер коронавирусты анықтауға тест тапсырып, 47-сінен коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында Bonatti компаниясы басшылығының бастамасымен барлық қызметкер коронавирусты анықтауға тест тапсырып, 47-сінен коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жедел штаб отырысында айтылды.

Реклама
Реклама

"Bonatti компаниясы қызметкерлерінің скринингі 6 және 7 қаңтарда екі кезеңд бойынша өтті. 650 қызметкердің 47-сінде коронавирус анықталды. Науқастар оқшаулануға жіберілді, компания осы мақсатта пәтерлерді жалға алды", - деді БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев шетелдік компания қызметкерлері өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтауы керегін айтты.

"Егер бұл адамдар үйден шықса, біз компания басшылығымен сөйлесеміз. Оларға жұмыстан босатуға дейін жұмысқа шығуға тыйым салынады. Сондай-ақ біз ҚПО және "Жайық мұнай" компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргіземіз. Оларда да вирус жұқтыру қаупі бар", - деді БҚО әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная