БҚО-да оқушылар мінген мектеп автобусы жол апатына ұшырады

Дина Шарипханова Корреспондент
БҚО-да оқушылар мінген мектеп автобусы жол апатына ұшырады Фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысында ішінде оқушылар отырған автобус жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында ішінде оқушылар отырған автобус жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сағат 14:00 шамасында Подстепное кентінде жолаушы тасымалдайтын автобус пен мектеп автобусы жол апатына ұшыраған.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәліметке сәйкес Самара-Шымкент республикалық тасжолымен келе жатқан жолаушылар автобусы мектеп автобусымен соқтығысып, салдарынан мектеп автобусы алда тұрған көлікке соғылған.

"Жол апаты салдарынан зардап шеккендер тіркелді, олардың ішінде балалар да бар. Қаза тапқандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жолаушылар автобусының жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді ІІМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама