08 ақпан 2021 | 16:44

БҚО-да өз баласын өлтірген студентке үкім шықты

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Казталов аудандық сотында педагогикалық колледждің екінші курсында оқитын 19 жастағы студент жас баланы өлтіру ісінде кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Казталов аудандық сотында педагогикалық колледждің екінші курсында оқитын 19 жастағы студент жас баланы өлтіру ісінде кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот процесінде 2020 жылы 23 қарашада Казталов ауданының Жаңажол ауылында қыз бала туып, оны целлофан пакетке орап, дәретханаға тастағаны анықталды.

Реклама
Реклама

"Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Ол 2020 жылы жігітпен жыныстық қатынасқа түсіп, одан жүкті болғанын айтты. Ер адам бала қажет емес деген. 23 қарашада қыздың іші ауырып, үйінің дәлізіне шыққанда бала туып қалған. Кіндігін қайшымен кескен. Содан кейін целлофан пакетке орап, дәретханаға тастаған", - делінген сот үкімінде.

Бұл кезде қыздың ата-анасы үйде болмаған. Бірақ келген соң бірдеңе дұрыс емес екенін сезіп, қызын ауруханаға апарған. Онда шындық ашылды.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, баланың өліміне механикалық асфиксия себеп болды. Бала дүниеге тірі келген.

"Бойжеткен ҚР ҚК-нің 100-бабында ("Жаңа туған баланы анасының өлтіруі") көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - деді судья Айвар Бижанов.

Айта кетейік, сотталушы тәртіп бұзған жағдайда мерзімін колонияда өтеуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная