БҚО-да өзен маңынан жануарлар өлексесі табылды

Фото: mgorod.kz

БҚО-да өзен жағалауынан малдың өлекселері табылды. Оны жергілікті тұрғын байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымна сілтеме жасап.

БҚО-да өзен жағалауынан малдың өлекселері табылды. Оны жергілікті тұрғын байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымна сілтеме жасап.

Ер адам басылымға Белес ауылындағы су қоймасы маңында табылған мал өлекселерінің суреттерін жіберген. Кадрлардан сиырлар, ешкілер, жылқылар мен қошқарлардың қалдықтарын көруге болады.

Реклама
Реклама

"Малдарымды іздеуге шыққанмын. Сөйтіп осы жерді байқап қалдым. Былтырдан бері осы жерде жатқанға ұқсайды. Оның үстіне өзеннің жағасында. Суға қанша зиян заттар түсетінін ойлаңызшы. Ол қазірдің өзінде суды ластады. Енді күн жылынса, өлекселер иістене бастайды. Мұнда кім малдың өлексесін тастауы мүмкін? Басқа жақтан келгендер шығар. Өйткені жергілікті тұрғындар бұлай жасамайды", - дейді сурет авторы.

Белес ауылының әкімі Мәлік Ілиясов басылым тілшілеріне оқиға бойынша тергеу басталғанын айтты.

"Бұл ауыл тұрғындарына тиесілі емес деп сеніммен айтамын. Біреу малды әкеліп, осында тастаған. Учаскелік полиция қызметкерін күту керек. Мал ұрланған болу да мүмікін. Мән-жайды анықтаймыз", - деді Мәлік Ілиясов басылым тілшісіне.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная