ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2021 | 15:20
БҚО-да полицей вакцинадан қайтыс болды деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды
Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алған полицейдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Жалған хабарлама таратқан әйел ұсталды. Полиция департаменті 42 жастағы қызметкер қайтыс болғанын растады. Бірақ қызметкердің өлімне миокард инфарктісі себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, жазба авторы анықталған. Әйел жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрап, үндеу жасады.
"Полиция қызметкері шынымен коронавирусқа қарсы вакцина алған. Бірақ ол мүлдем басқа себептен қайтыс болды. Адамдарға жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеміз", - деді полицейлер.
БҚО Бөрлі аудандық ауруханасы қызметкерлері де жағдайға қатысты түсінік берген.
"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде коронавирусқа қарсы вакцина алған 1979 жылғы ер адам қайтыс болды деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Науқастың қайтыс болу себебі - миокард инфарктісі", - деді медицина мекемесінің өкілдері.
Мамандар әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды және ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также