25 қараша 2019 | 15:11

БҚО-да полицейдің автокөлігін жары жалған нөмірмен жүргізген

БҚО-ның Бөрілі аудандағы Ақсай қаласының взвод командирі Мейірболат Тоғызбаевтың жары жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БҚО-ның Бөрілі аудандағы Ақсай қаласының взвод командирі Мейірболат Тоғызбаевтың жары жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Ақсай қаласының тұрғындары взвод командирінің Kia маркалы автокөліктің терезесіне көлегейлеп (тонировка) тастағанын айтқан. Сондай-ақ, олар бұл көліктің Арменияда тіркелгенін және полицей қызметтік бабын асыра пайдаланып, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүргенін айтқан. 

Реклама
Реклама

БҚО ПД өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізген. 

"Kia маркалы 69 МR 007 мемнөмірлі автокөлік Армения Республикасында тіркелген, алайда оған 380 СВА 07 жалған нөмір салып қойған. Бұл көлікті Бөрілі аудандық полиция бөлімінің қызметкері Мейірболат Тоғызбаевтың жары басқарған. Осы деректі полицей мен оның жары түсіндірмесі арқылы расталды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты полицейдің жарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная