БҚО-да прокурор өлі табылды

Фото:gov.kz

Батыс Қазақстан облысында прокурор өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында прокурор өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 8 мамырға қараған түні өз үйінің ауласында прокуратура қызметкері өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған еді. Қайтыс болған адамның Теректі ауданының прокуроры қызметін атқарғаны хабарланған.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Облыс прокуратурасы осы жағдайға байланысты көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама