БҚО-да ресейлік әскерилер газ құбырын зақымдады: әкім мән-жайды айтты

видео кадры

Батыс Қазақстан облысындағы Сайхин ауылында ресейлік әскери техника газ құбырын зақымдады. Кінәліге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысындағы Сайхин ауылында ресейлік әскери техника газ құбырын зақымдады. Кінәліге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің ОКҚ-да өткен брифингінде газ құбырына соғылған жүргізуші қалай жазаланғанын және неге ресейлік әскери қызметшілер Қазақстан аумағында еркін жүргенін сұрады.

"Халықаралық келісім бар. Қазақстан аумағы арқылы өту осы келісім шеңберінде жүзеге асырылады... Біз бұл туралы білеміз. Полигонда Ресей Федерациясының әскери жаттығулары өтіп жатқанда, олар Сайхин ауылы арқылы өтті. Дәл осы уақытта бір апта бойы толассыз жаңбыр жауып, облыс орталығынан өтуге мәжбүр болды. Бұл бағыттардың барлығы келісілген. Сайхин ауылы арқылы өткенде иә, бір көліктің құбырға соғылу дерегі болды", - деді Нариман Төреғалиев Астанада өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Өңір әкімінің айтуынша, газ құбырына "ештеңе болған жоқ". Соған қарамастан, қазақстандық құқық қорғау органдары бөлімше командирін ұстады және әкімшілік хаттама жасады.

"Әрине, оған айыппұл салынды. Біз оны жол жүру кезінде бірден ұстадық, сол жерде әкімшілік хаттама жасалды", - деді Төреғалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама