ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қараша 2021 | 16:19
БҚО-да ресейлік нөмірлі автокөлік иелері 500-ге жуық қол жинады
БҚО жүргізушілер Ресей нөмірі бар көліктерді уақытша немесе тұрақты тіркеуге рұқсат сұрап отыр. Қазір жүргізушілер Ішкі істер министрлігіне арыз жазды. Оған 500-ге жуық адам қол қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
БҚО жүргізушілер Ресей нөмірі бар көліктерді уақытша немесе тұрақты тіркеуге рұқсат сұрап отыр. Қазір жүргізушілер Ішкі істер министрлігіне арыз жазды. Оған 500-ге жуық адам қол қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БҚО полиция департаментіне көлік иелері таңертең ерте келді. Оларды департамент басшысының орынбасары Жанболат Жаншин қарсы алды. Тұрғындар рейдтердің демалыс күндері басталғанын, оның барысында полиция қызметкерлері тіркеусіз көліктерді ұстап, уақытша тоқтау орнына қойғанын айтты.
"Бізге Ішкі істер министрлігіне хат жазуға кеңес берді. Үндеуге 500-ге жуық адам қол қойды. Барлығы көлікті уақытша немесе тұрақты тіркеуге рұқсат сұрап жатыр. Біз мұндай машиналарды жақсы өмір сүргеннен сатып алған жоқпыз. Олармен жұмыс істейміз, балаларды балабақшаға немесе мектепке апарамыз. Автокөлік сатып алуға алған несиеміз бар. Бізге айыппұл тұрағы үшін ақы алынбайтынын айтты", - деді Орал қаласының тұрғыны Ерсін Жазықбаев.
Үндеуге Ермек Теміршин де қол қойды. Тұрғын Ресейден көлікті арзан бағаға сатып алғанын айтады.
"Оралда 40-қа жуық көлік тұраққа қойылды. Адамдар шығынға батып жатыр. Бұл көліктер қанша жылдан бері жүріп келеді. Армян нөмірі бар көліктерде бәрі шешілді. Оларға сары нөмірлер берілді. Бұл мәселені де шешіп беруіңізді сұраймыз", - деді Ермек Теміршин.
Айта кетейік, БҚО полиция департаментіне Қазақстанда мемлекеттік тіркеусіз көліктерді пайдалануға тыйым салынғаны туралы хабарланған болатын. Полицейлер ресейлік әріптестерінен Ресей Федерациясында есептен шығарылған көліктер туралы ақпарат алды. Дәл осы көліктер арнайы тұрақтарға қойылған.
Бүгін Нұр-Сұлтандағы арнайы орталық ғимаратына ресейлік нөмірлі көлік иелері де жиналды. Тұрғындар полициядан көлікті тіркеу мәселесін шешуді сұрайды. Олар шекарадан автокөліктерді әкелу кезінде оларда ешқандай қиындық болмағанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также