21 сәуір 2021 | 13:40

БҚО-да TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан шығарылған мұғалім қызметіне оралды

Фото: uralskweek.kz

БҚО-да TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан шығарылған мұғалім қызметіне оралды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының білім бөліміндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БҚО-да TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан шығарылған мұғалім қызметіне оралды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының білім бөліміндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сандуғаш Бисенғалиевадан жұмыстан заңсыз шығару туралы шағым түсті. Біз оны қарастырдық. Педагогты өз лауазымына қайта алу туралы шешім шығарылды", - деді аудандық білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Құсайынова.

Сандуғаштың өзі бір топ мұғалім қаржы полициясына заңбұзушылық туралы шағым түсіргеннен кейін жанжал туындағанын айтты.

Реклама
Реклама

"Музыка мектебінің директоры Айдана Дәулетова мені қандай себеппен жұмыстан босататынын таппай, TikTok-тағы видеоларға ілікті. Бірақ оның өзі менің рұқсатымсыз басқа адамдарға видеоларымды жіберу арқылы этикалық нормаларды бұзды. TikTok білім беру платформаларының тізіміне кірмейді. Бірақ оған тыйым салынбаған", - деді Сандуғаш Бисенғалиева.

Айта кетейік, Сандуғаш Бисенғалиеваның оқиғасы үлкен қоғамдық резонанс тудырды. БҚО Теректі ауданы Балалар музыка мектебінің меңгерушісі Сандуғаш Бисенғалиева TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан босатылған. Музыка мектебінің директоры алдымен мұғалімге сөгіс жариялап, кейін оны педагогикалық этиканы бұзғаны үшін жұмыстан шығарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная