06 қыркүйек 2023 | 21:01

БҚО-да тіл фестивалі өтті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
БҚО әкімдігі

Кеше Орал қаласындағы "Атамекен" өнер ордасында қазақстан халқының тілдері күніне орай "Тіл –тұтастық туы" атты тілдері фестивалі өтті. Шараға келген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов өңірде мемлекеттік тілдің қолдану аясы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кеше Орал қаласындағы "Атамекен" өнер ордасында қазақстан халқының тілдері күніне орай "Тіл –тұтастық туы" атты тілдері фестивалі өтті. Шараға келген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов өңірде мемлекеттік тілдің қолдану аясы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

"Біздің облыста 700-мыңға жуық адам тұрады. Оның 22 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Жыл сайын қазақ тілін білуге талпыныс білдірген өзге этнос өкілдерінің саны артып келеді. Облыс әкімдігінің тапсырмасымен мемлекеттік тіл үйренгісі келетіндер тегін оқытылуда. Ең басты жетістігіміз – халықтың ынтымақ-келісім аясында бейбіт өмір сүруі. Облыста этностардың тілдік құқықтарын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты жүргізілуде. Бүгінде балабақшада бүлдірішіндеріміздің 80 пайызы мемлекеттік тілде тәрбиеленсе, мектеп оқушыларының 70 пайыздан астамы қазақ тілінде білім алуда. Мұның бәрі қазақ тілінің қолдану аясының жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанының айқын көрінісі. Мемлекеттік тіл – біздің басты құндылығымыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек", – деді Бақытжан Нарымбетов.

Салтанатты шарада мемлекеттік тілді дамыту мен танымал етуге елеулі үлес қосып, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытқан тіл жанашырлары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлим Мажитова, "Ақберен" жас ақындар мектебінің жетекшісі, ақын, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалым-әдіскері Талап Таймасұлы және басқалар бар. Бірқатар тіл жанашырлары Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің және облыс әкмінің алғысхатымен марапатталды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, фестивальде Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту мақсатында "Мен қазақша сөйлеймін" облыстық акциясының жеңімпаздары сахнаға көтерілді. Акцияға қатысушылар ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабайұлының 130 жылдық мерейтойы аясында ақын шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып, әлеуметтік желіге #бқоменқазақшасөйлеймін2023 хештегімен жариялаған. Аталмыш акцияда І орынға Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 3-курс студенті Анастасия Карамышева ие болды. Фестиваль аясында "Достығы шалқыған шаңырақ" этно-мәдени бірлестіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген немесе мән-мағынасын жоғалтқан 5 ауданның, 110 елді мекеннің, 1886 көшенің атаулары өзгертілді. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жыл сайын мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары жүргізіліп келеді. Биыл аталмыш курстарға 1400 тыңдаушы қатысқан. Басқарма жанынан құрылған "Сөйлеtime" клубының мүшелері мемлекеттік тілді оқыту курсы мұғалімдерімен бірге әлеуметтік нысандарға барып, мемлекеттік тілде қызмет алу бойынша қарапайым диалог құруды үйретуде.

Материалды Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ұсынған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная