11 тамыз 2019 | 12:52

БҚО-да түлектер ауылға сыйлық жасады

Камила Долаева Журналист
Сурет: Хабар 24

Батыс Қазақстан облысында Жалпақтал ауылының түлектері туған жерге деген құрметін іспен дәлелдеп жүр. Соңғы жылдары мұнда жалпы сомасы 92 миллион теңге болатын 16 жобасы жүзеге асқан, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында Жалпақтал ауылының түлектері туған жерге деген құрметін іспен дәлелдеп жүр. Соңғы жылдары мұнда жалпы сомасы 92 миллион теңге болатын 16 жобасы жүзеге асқан, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі.

Биыл да мектеп бітіргендеріне 30 жыл болған түлектер құны 8 миллион теңгеге ойын алаңын салып берсе, 1982 жылғы ауыл жастары су жаңа саябақта күмбез астындағы павильон тұрғызды. Жігерлі жастардың жәрдемімен ауыл ажарын ашатын өзге де сәулет нысандары ел игілігіне тапсырылды. Бұл ізгі істер 2013 жылы бастау алса, кейін "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" бағыты аясында ерекше қарқын алды. 5 мыңдай тұрғыны бар алақандай ауылдағы тындырымды тірлік өзгеге өнеге боларлықтай.

Реклама
Реклама

"Осы мектепте оқып, осы мектепте бітірдік. Ол уақытта алаң болған жоқ, мына жерде қақпа да болған жоқ. Тас қойып ойнайтын едік. Тастарға құлап сүрініп. Қазір сол заманымызға шүкір етіп салып беріп жатырмыз", - деді ауыл түлегі, кәсіпкер Әлібек Сартаев.

"Бұл енді ауыл азаматтарының елге деген, жерге деген, туған еліне деген патриоттық сезімі деп түсінеміз. Біз ешкімге де бармаймыз. Ұсыныстарымен, ой-пікірлерімен, тілектерімен өздері келеді. Біз бағыт-бағдар беріп отырамыз", - деді Жалпақтал ауылы әкімі міндетін атқарушы Меңдіхан Халимуллин.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная