13 тамыз 2022 | 10:04

БҚО-да тұрғындар ауыл атауын өзгертпеуді сұрады

Теректі ауданындағы Новопавловка ауылының тұрғындары елді мекен атауын өзгертуге қарсы шықты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Теректі ауданындағы Новопавловка ауылының тұрғындары елді мекен атауын өзгертуге қарсы шықты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Ауыл тұрғындарының сөзінше, елді мекен атауын өзгерту туралы мәселе былтыр көктемнен бері қозғала бастаған. Тұрғындар ауылда қоғамдық кеңес құрылып, елді мекен атауын өзгертуді 200 адам қолдағанын естігенде таңғалған. Жалпы Новопавловка ауылында 600-ге жуық адам тұрады. 

"Біздің ауылға 110 жыл болды, оны 1908 жылы Украинадан қоныс аударушылар қоныстанбаған жерде құрды. Мұнда ешқандай елді мекен болған жоқ. Ауылда көптеген тарихи оқиға болған, атауын өзгерту туралы бұрындары сөз қозғалмаған. Мен осы жерде туып, осы жерде өстім. Ауылымыз тарихи болмысын сақтап қалса деймін. Оның үстіне қоғамдық кеңес бізсіз өткен, ол дұрыс емес", - дейді ауыл тұрғыны Виктор Копитчак. 

Реклама
Реклама

Ер адамның сөзінше, Теректі аудандық әкімдігі тұрғындарға елді мекен атауын өзгертуге көнуі керегін, себебі шешім қабылданғанын айтқан. Енді ауыл атауы Қумақсай деп өзгертілмек. Ауыл тұрғындары облыстық сотқаа шағымданбақ.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная