13 қыркүйек 2023 | 18:50

БҚО-да ұлттық қауіпсіздік комитетінің және шетелдік арнайы органдардың бірлескен іс-шаралары жүргізілуде

Ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерінің бірі – бұл бақылаусыз заңсыз көші – қон процестері. Осыған байланысты өңірде бірқатар іс-шаралар өткізіліп, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және шетелдік арнайы органдардың бірлескен іс-шараларының нәтижесінде заң бұзушылар анықталып, жауапкершілікке тартылуда. Бұл туралы бүгін, Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО бойынша департаментінің Шекаралық бақылау мамандарын даярлау бөлімінің аға офицері Мейрамгүл Бекболатқызы мәлім етті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Спикердің мәліметінше, ағымдағы жылда Шекара қызметінің әскери қызметшілері ҰҚК бірлескен іс-шаралар нәтижесінде 95 заңбұзушыны анықтаған. Олардың басым бөлігі Үндістан, Ауғанстан, Өзбекстан, Әзербайджан, Шри-Ланка сонымен қатар, Сомали елдерінің азаматтары. Аталмыш шекара кеңістігінде тәртіп бұзған шетел азаматтары Батыс Қазақстан облысының Ресей Фередарциясымен шекаралас аймағында ұсталып белгіленген тәртіпке сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

“Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 510 бабына сәйкес 5,10 және 75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Осы кодекстің 514 бабына сәйкес ҚР Мемлекеттік шекара режимін бұзу 10 нан 50 айлық есеп көрсеткішінде айыппұл салу, 10 күнге әкімшілік қамауға алу немесе ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жаза түрлері қарастырылған. Бұл Мемлекеттік Шекара режимін бұзған тұлғаларға қолданылатын әкімшілік жаза түрі болса, Мемлекеттік Шекараны қасақана бұзу ҚР Қылмыстық кодексімен қаралып, сәйкесінше 392 және 394 баптарымен жауапкершілікке тартылады»,- деді М.Бекболатқызы.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, спикер облыста Мемлекеттік Шекараға жақын орналасқан елді-мекен тұрғындарының арасында ерікті жасақ құрамына кіріп белсенділік танытып жүрген азаматтардың бар екендігін және бұл азаматтардың еліміздің қауіпсіздігіне деген алаңдаушылығы мен Отанға деген сүйіспеншілігін білдіретінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Шекара қызметіне әскери қызметке келісім-шарт бойынша жұмысқа кіруге іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

БҚО әкімдігі ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная