03 қараша 2020 | 15:17

БҚО-да ұлына той жасап берген ауыл әкімі қызметінен босатылады

Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында ұлына үйлену тойын жасап берген ауыл әкімі қызметінен босатылады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында ұлына үйлену тойын жасап берген ауыл әкімі қызметінен босатылады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылымның мәліметінше, 3 қарашада COVID-19 таратпау жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Облыс әкімі Ғали Есқалиев Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімі Татжан Өтемісовтің ұлының үйлену тойын өткізу дерегі расталғанын сұрады.

Реклама
Реклама

БҚО әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев 9 қазан мен 9 қараша аралығында ауыл әкімі кезекті демалыста екенін хабарлады.

"Осыған байланысты тексеру жүргізілді. Татжан Өтемісов 9 қарашаға дейін демалыста. 10 қарашадан бастап ол қызметінен босатылады. Сонымен қатар, Татжан Өтемісовке қатысты карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 41 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді Батаев.

"Мемлекеттік қызметте орын жоқ". БҚО басшысы ауыл әкімі ұлының тойына қатысты пікір білдірді

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісовтің ұлына той ұйымдастырған сәтінен фото және видео тараған болатын. Кейін шенеуніктің еңбек демалысында екені хабарланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная