ПОДЕЛИТЬСЯ
13 шілде 2023 | 16:13
БҚО-да World Money қаржы пирамидасын құру дерегі бойынша іс тергеліп жатыр
ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті World Money компаниясының өкілдеріне қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікпен соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Компанияның міндетті шарттарының бірі 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейінгі қаражатты төлеп, басқа қатысушыларды, соның ішінде WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы тарту болған.
"2023 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде қаржы пирамидасына 130 адам тартылған. Аумақтық департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен компанияның қызметін ерте бастапқы кезеңде тоқтатып, алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.
Соталды тергеу жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также